jasqazaq.kz

Партия үздіктерді анықтады

13 желтоқсан 2017, 18:20


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Нұр Отан» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары арасында өткен «Үздік бастауыш ұйымы» және «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталып, партияның орталық аппаратында салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқау 2010-шы жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Мұны халықпен бетпе-бет кездесіп, қоян-қолтық жұмыс атқарып отырған қоғамдық қабылдау бөлмелерінің бір жылдық жұмысына баға беру деуге болады. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған биылғы «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауына 231 қоғамдық қабылдау бөлмесі қатысты. Соның ішінде, аймақтық филиалдар арасынан І-ші орынды Алматы қалалық филиалы, ІІ-ші орынды Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, ІІІ-ші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жеңіп алса, аумақтық филиалдар арасындағы байқау бойынша бірінші орынға Ақмола облысының Степногорск қалалық филиалы, екінші орынға Қостанай облысының Әулиекөл қалалық партия филиалы және үшініші орынға Алматы облысының Талдықорған қалалық филиалы ие болды. Сахнаға шығып алғысын білдірген Алматы қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Алмажан Бақторазова: «Еңбегіміздің жоғары деңгейде бағаланғанына шексіз қуаныштымыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңес отырысында партиямызға елмен етене жақын болуды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырған еді. Осы мақсатта қоғамдық қабылдау бөлмелері алдағы уақытта да халық мәселелері оң шешімін табуы үшін күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз» деді. Жеңімпаздарды анықтау үшін құрылған арнайы комиссия азаматтардың өтініштерін қарау мерзімінің сақталуы мен оның нәтижесін, оң шешілген өтініштер үлесін негізге алды. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу сапасы, «Электрондық қоғамдық қабылдау бөлмесі» бірыңғай ақпараттық жүйесінде енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығы, аумақтық және аймақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс жүктемесі, бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын оң насихаттау, азаматтардың өтініштерін шешуге бағытталып енгізілген жұмыстың жаңа нысандары мен әдістері ескерілді. Сондай-ақ, аталған байқау аясында «Үздік депутат», «Үздік мемлекеттік орган», «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкері» номинацияларының жеңімпаздары сертификаттармен марапатталды. «Үздік депутат» номинациясы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұы мен Яковлева Татьяна Ивановна жеңіп алса, «Үздік мемлекеттік орган» атағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкері» номинациясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі Асқар Арнауытұлы Құмарбайға берілді. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында 10 жылдан артық қызмет етіп келе жатқан Асқар Құмарбай Қоғамдық қабылдау бөлмесінде көптеген мәселелер қаралатынын, зор үмітпен келген жандарды депутаттар мен министрлердің қабылдауына жазып, сауалы қадағалауға алынуына ықпал ететіндерін жеткізді. Ал «Үздік бастауыш ұйымы» болып Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі компания – «Казцинк» кәсіпорны анықталды. Жеңімпаздарды Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед пен Орталық байқау комиссиясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Ерсұлтан Бектұрғанов құттықтап, І, ІІ, ІІІ-ші дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйақы табыстады.

Бүгін, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды