jasqazaq.kz

Парламент бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді мақұлдады

08 маусым 2017, 14:13

Парламент әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңды қабылдап, Президентке қол қоюға жіберді.

2017-2018 жылдары зейнетақы 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі.

Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды. Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген.

Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты.

Бұдан бөлек, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру көзделген. Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген. Жалпы, зейнетақы мен аталған жәрдемақыны өсіруге республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.

Sputnik Қазақстан

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда