Әлемге танылған қазақ баласы Димаш Құдайберген Парижде әлемдік жұлдыздардың алдында ән салды.
Қайырымдылық концерт барысында Димаш әйгілі Селин Дионның All by myself әнін орындап, жұртты таңдай қақтырды.
Кеш барысында голливуд жұлдызы Ева Лонгория Димашты биге шақырды.
Францияның астанасында өткен Global Gift Gala қайырымдылық кешіне Димашты дәл осы америкалық әнші Ева Лонгория шақырған болатын.
Айта кетейік, Global Gift Gala – балалар проблемасының шешу жолдарын ұсынып, отбасы мен әйелдер құқығын қорғауға бағытталған халықаралық бастама. Оның концерті жыл сайын әлемнің әр түкпірінде өткізіліп тұрады.