jasqazaq.kz

Параның орнына тезек сұрады

15 тамыз 2017, 10:59

Атырауда ауылдық округ әкімі кәсіпкерден параға 300 қап сиырдың тезегін сұрағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Атырау қаласы маңынадағы Ақсай ауылдық округінің әкіміне И. есімді азамат Ақсай кентінен үй салу үшін жер учаскесін алуға жинаған құжаттарына қол қойғызбақ болады. Алайда әкім бірден қол қойып бермейді. И.-дің жеке кәсіпкер екенін, органикалық тыңайтқыштар сатумен және жеткізумен айналысатынын біліп, одан 300 қап тезек сұраған. Сол талапты орындағанда ғана құжатқа қол қоятынын айтқан.

Жеке кәсіпкер әкімнің шартын орындап, 300 қап сиырдың тезегін әкеліп берген. Бірақ И.-ға тағы басқа құжатқа қол қойдыру керек болады, әкім бұл жолы 50 қап тезек сұраған. Осылайша әкімнің тезек түрінде алған парасының сомасы 206 мың 750 теңгені құраған.

Сот отырысында әкім кінәсін мойындады, сот оған 6 202 500 теңге айыппұл төлеуді міндеттеп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда