jasqazaq.kz

«Памперс проблема ма?» Ермұрат Бапи комада жатқан жауынгер туралы сауалға жауап берді (Видео)

04 қыркүйек 2024, 12:49

Әскерде жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтардың туғандары жуырда мемлекеттен ешқандай жәрдем алмайтынын айтып, шағымданған болатын. Олардың айтуынша, емдеуге, дәрі-дәрмек пен памперс сатып алу үшін жұрттан ақша жинауға мәжбүр. Осы мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауынгердің жағдайы бақылауда екенін, бірақ памперспен қамтамасыз ету еңбек министрлігі мен әкімдіктердің құзырында екенін түсіндірді.

Бүгін журналистер Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиге жабылып, осы мәселеге қатысты сұрақ жаудырды.
Ермұрат Бапидің пікірінше, әлдекімдер әдейі отқа май құйып отыр. «Армия солдаттарды мүгедек етуге мүдделі емес. Әрине, генералдар мен офицерлер жауапкершіліктен босатылмайды. Ата-ана дені сау баласын әскери міндетін өтесін деп жібереді. Олардың талап етуге қақысы бар. Біз қандай қоғам құрсақ, әскер де сондай», — дейді Ермұрат Бапи.
Ал памперспен қамтамасыз ету туралы сауалға депутат: «Памперспен қамтамасыз ете алмайды деген артық айтылған сөз. Бұл проблема ма? Памперс кез келген дүкенде сатылады», — деді.

Депутат «әскер не медицина тарапынан біреулер осы жігітке қатысты әдейі мұқатып жатыр деген пікірде: «Әлеуметтік желіде осы ақпарат «қыдырып» жүр, ал біз оны ушықтыра түсеміз…».

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

JQ-Aqparat
Бейнежазба: ZTB Qazaqstan Телеграм-каналы

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?