jasqazaq.kz

Пәк қыздардың тізімі: Министр студенттердің жеке деректері қалай тарап кеткенін түсіндірді

06 наурыз 2024, 14:46

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда студент қыздардың жеке деректері қалай тарап кеткенін айтты.

«Бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдарын тарта отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Негізі жеке мәліметті таратпау тұрғысында медицина орталығы қызметкерінің қателігі болған. Физика-техника факультетінде туберкулезді және басқа да ауруларды анықтау үшін міндетті флюорографиядан өтпеген студенттердің белгілі бір саны болды. Медицина орталығының қызметкері флюорографиядан өтпеген студенттердің тізімін жіберген, сондай-ақ ол соның ішінде қосымша медициналық ақпарат жазылған деректерді алып тастамаған. Бұдан бөлек, деканат қызметкері де осы деректерге мән берместен файлды бүкіл деканатқа таратып жіберген», — деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр студенттер бұған дейін гинекологтың тексеруінде болғанын айтты.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?