jasqazaq.kz

Пәтерін заңсыз жалға бергендер баспанасынан айырылуы мүмкін

22 қыркүйек 2017, 11:20

Алматының салықшылары заңсыз кәсіпкерлікке қарсы ауқымды күресті бастайын деп жатыр. Олар салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің осылай жолын кеспекші. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қуаныш Түменбаев, Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Кейбір азаматтар өздері жалға алады да одан әрі жалға береді мысалы. Сонымен қатар, жалға берген кезде келісімшартта жалға беру құнын көрсетпейді. Яғни, сәйкесінше, бұл жерде салықтан жалтарудың бір түрі.

Кәсіпкерлер салықтан барынша жалтарғысы келгенімен, мамандар да құйтұрылықтың сан түрін меңгеріп алған. Тәртіп бойынша, жылжымайтын мүлкін жалға бергісі келген кез келген адам жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелуі тиіс. Алайда, құқық қорғау органдарынан алынатын деректерге қарағанда заңға бағынбайтын кәсіпкерлердің қатары азаймай тұр. Енді алдағы дүйсенбіден бастап заңды белден басқандарға қарсы рейд жүргізілмек. Заңбұзушылар ұсталса, оларға 34 мың теңге айыппұл салынбақ. Тіпті, жалға берген баспанасын да тартып алуы мүмкін.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда