Танымал өзбек әншісі Сардор Мамадалиев Ақтөбе облысында автобус өрті кезінде мерт болған жерлестеріне ән арнады. Бұл туралы өзбекстандық Nuz.uz басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Айта кетейік, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртке оранды. Салдарынан 52 адам тірідей жанып кетті, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары, Наманган облысының тумалары. Мерт болғандардың ең үлкені – 41, ал ең жасы – 19 жаста.