jasqazaq.kz

Отбасы құндылықтарын насихаттау — ұлттық маңызы бар міндет

03 қыркүйек 2024, 13:31

Бүгін ОКҚ алаңында Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын таныстыруға арналған брифингі өтті. Іс-шараға мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, оқу-ағарту министрлігі өкілдері, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас саласындағы сарапшылар қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының отбасы саясаты саласындағы Жолдауын жүзеге асыру шаралары, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған тапсырмаларының орындалуы талқыланды.

Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы осы міндеттерді шешуге бағытталған. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер», — деді Евгений Кочетов.

Брифингте отбасы саясатының негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы да айтылды.
Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 62,7%-ы  отбасында қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%) мәселесі. Сондай-ақ зерттеу барысында еңбекқорлық, адалдық және үлкендерге құрмет көрсету – еліміздегі өскелең ұрпаққа үйретілетін басты құндылықтар екендігі анықталды.

JQ-Aqparat 

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?