«Отбасы 100 пайыз өтіріктен құралады»: психолог коучтың сөзін жоққа шығарды (Видео)

31 қантар, 12:30


Соңғы кезде Серікгүл Сәли деген психолог-коуч «бір түрлі» пікірлерімен көзге түсіп жүр. Бұл жолы ол «отбасы 100 пайыз өтіріктен құрылады» деген «теориясын» ортаға тастады. Ол өтіріктің табиғи нәрсе екенін, өтіріксіз отбасы құрылмайтынын айтты. Осыған қатысты біз психолог Назира Бұрханованың пікірін білдік.

Назира Бұрханова, психолог:

«Мен әріптесімнің пікірін мұқият тыңдадым. Психологияда дәл осы кісі айтқандай ұстаным жоқ. Меніңше, бұл кісі өз түсінігіндегі ойды қосқысы келді. Біріншіден, қандай теорияға сүйеніп айтқанын білмеймін, фактілер де келтірген жоқ. Екіншіден, психологияда 100 пайыз деген ұғым жоқ.

Жалпы осындай ой айтпас бұрын, адам оның жауапкершілігін сезінуі керек. Қарым-қатынас өтіріктен құралмауы керек. Екі адам бір-біріне қандай кемшілігі бар, қандай жаман әдеті бар — бәрін ашып айтуы керек деп ойлаймын. Өйткені үнемі идеал адам ретінде өзін-өзі көрсету адамды депрессияға әкеледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KAZPRESS (@kaz.press)

Отбасын құру деген дүкеннен бір зат алып, ұнамаса тастай салатын нәрсе емес. Бұл екі адамның саналы түрде болашақ балаларының ата-анасы ретінде бір-бірін таңдауы. Отбасы негізі ашық диалогтан құрылу керек. Ал ашық диалог — барлығын айту, ойын бөлісу, пікірін білу және өзінің болмысын таныту. «Алдай саламын, мінсіз көріне саламын, өтіп кетсем болды» деу қателік. Ондай адам серіктесіне ғана емес, өзіне де қиянат жасайды. Шындық ерте ме, кеш пе ашылады. Сондықтан отбасын құратын қыз бен жігіттің қарым-қатынасы әу бастан шындыққа құрылуы тиіс. Өтірік адам баласына ешқашан жақсылық әкелген емес. Өтірік болған жерде тек қана ойын бар, өмір емес. Өтірікші адам толыққанды өмір сүрмейді, өйткені оның бүкіл ойы өтірігі ашылып қалмауда болады. Ал психологияда «нені көп ойласаң, соны көбейтесің» деген ұғым бар. Демек өтіріктің үстіне өтірік жамала береді де ол адамды шырмауықтай «орап» алады. Ол адамның өзін шаршатады. Адам өзін алдауы мүмкін, бірақ жаратылысын алдай алмайды».

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды