jasqazaq.kz

Отандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауар экспортын жолға қоюға мүдделі

04 желтоқсан 2023, 16:37

Теһранда Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті.

Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Иран ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Али Никбахттың тең төрағалығымен өткен шараға екі ел министрліктері мен мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Серік Жұманғарин екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын үш миллиардтық  межеге жеткізу міндетін қойғанын еске салды.

«Осы тапсырманы орындаудың алғашқы қадамы Өзара тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою болады. Құжат экспорттаушы кәсіпорындарды бірнеше бағытта қолдауды көздейді: өзара сауда көлемін ұлғайту, сауда-саттықтағы шектеулерді алып тастау, екіжақты клиринг механизмін енгізу және т.б.», — деді вице-премьер. Сондай-ақ ол қазақстандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауарлардың үздіксіз экспортын жолға қоюға мүдделі екенін айтты.
Үкіметаралық комиссия аясында көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін дамыту қаралды. Каспий торабы бұл бағыттағы негізгі буынға айналуы мүмкін.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?