jasqazaq.kz

Отандастарды қолдайтын кешенді бағдарлама әзірленеді

23 маусым 2017, 13:05

Фото: baq.kz

Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында жасаған баяндамасында айтты.

«Жаңағы мен айтқан қор («Отандастар» қоры ред.) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудің іс-шараларын анықтап, соған сәйкес кешенді бағдарламалар әзірлеу қажет. Ол бағдарламада қазақтың көші, алыстағы ағайынмен байланыстың барлық мәселелерін қамтуымыз қажет. Бағдарламаның басымдықтары мен мінеттері қор арқылы іске асырылатын болады», — деді Елбасы бағдарлама жөнінде.

Сонымен қатар шеттен келетін қазақтарға осы бағдарлама арқылы барлық жағдай жасалатындығын айтып, кейбір түйткілді мәселерді шешудің нақты жолын көрсетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Үшіншіден, елім, жерім деп еміренген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Жағдай бар. Еліне келем дегендерге қауымдастық арқылы барлық жағдайды жасауымыз қажет. Біз көшіп келетін ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты келетін жерінен бастауымыз керек. Біздің барлық елдерде елшіліктеріміз бар. Сол елшіліктер азаматтардың құжатын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеңес беруге тиіс. Оны осында отырған Сыртқы істер министріне тапсырамын. Келем дегендерге ылғы шекарада шырғалаң болып тұрады. Елге келген соң құжат түгендеу үшін әрі-бері сабылу болмау керек. Мысалы, Қытай қазақтарының сотталғаны, сотталмағаны туралы анықтама алу жайы арғы беттегі ағайынның еңбек етуіне, есептелмеуі секілді проблемалар туғызады. Оны шекара тұрғысынан сол жерде анықтап, ақылдасып, келісіп, шешу керек. Үкіметке осының барлығын кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын», — деді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда