jasqazaq.kz

«Отандастар» қоры құрылады

23 маусым 2017, 13:04

Фото: baq.kz

Шеттегі және елге көшіп келген ағайынды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құрамыз, — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында сөйлеген сөзінде.

«Еліміздің басын жинап, етек-жеңімізді көтеруге жағдай келді. Сондықтан ендігі жасайтын жұмыстар былай болады. Қандастарға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау, көмек жасау үшін мынадай жұмыстарды қолға алайық. Біріншіден, шеттегі және елге көшіп келген ағайынды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құрамыз. Әрине, оны Үкіметке тапсыратын боламын. Дегенмен, өздеріңіз білесіздер, осы 25 жылдың ішінде экономиканың өркендеуіне байланысты, жүргізілген саясатқа байланысты біздің көп азаматтарымыз белгілі, бай адамдар болды», — деп Президент елімізде қалталы азаматтардың көп екендігін сөз етті.

Қазақ халқының талай қиын кездерде өзгенің өзегінен теппей, қамқорлық көрсеткенін айта келе Нұрсұлтан Назарбаев «Біз елімізді бай ел жасаймыз деп ұмтылдық. Байлары көбірек болса, олар еліне жұмыс берсе, мемлекетіне көмектессе, ғанибет. Сондықтан мен солардың барлығына, жалпы Қазақстанда тұратын барлық қазақтарға үндеу тастаймын. Біз Солтүстік Кавказдан келген болгарларға, шешендерге барлығына үйімізге әкеп тастағанда, соларға қорған болып, шамамыз келгенше құшағымызды жайдық қой. Ал енді өзіміздің қазақтарға неге солай жасай алмаймыз. Қаны қазақ бизнесмендерге осы қорға әрқайсысы үлесін қосуға шақырамын. Мұны ұйымдастыруды құрылтай басшылығына, Президент апаратына, Үкіметке тапсырамын», — деді. Сондай-ақ Президент Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының офисін Алматыдан Астанаға көшіретін кез келгендігін айтты.

Айбарша Жақсылық

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда