Отан қорғаушылар күніне орай құрмет көрсетілді

04 мамыр, 0:01

Еуразия ұлттық университетінің Әскери кафедрасында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні және Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған салтанатты шара болып өтті.
Аталған шараға Еуразия ұлттық университетінің басшылығы, Сағадат Нұрмағамбетовтің «шинелінен шыққан» генералдар мен адмиралдар, әскери кафедраның профессорлық — оқытушылар құрамы, болашақ запастағы офицерлер қатысты.


Жиын басында ЕҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай сөз сөйлеп, жиналған қауымды төл меркелерімен құттықтап, Отан қорғау ісінде толағай табыстар тіледі.
ЕҰУ әскери кафедра бастығы, генерал-майор Еділ Оразов өз кезегінде: «Қай заманда да Отан қорғау абыройлы міндет, қасиетті борыш болып саналған. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің қатар келіу тегін емес, ол символдық мәнге ие. Биыл оған ел қорғанысын нығайтуға өлшеусіз еңбек сіңірген Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойы қосылып отыр. Қазақстан Қарулы Күштерінің бастапқы кезеңінде тұңғыш министрдің қол астында қызмет еткен бір топ ардагерлер бүгін бізде қонаққа келді. Олардың өскелең ұрпаққа айтар өнегелі, ғибратты әңгімесі мол деп есептеймін».
Содан кейін мінбеге шыққан генерал-майор Әлихан Жарболов, генерал-майор Геннадий Носоновский, контр-адмирал Ратмир Комратовтар тарихи тұлға туралы тереңнен сөз қозғады.
Олар Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің қолбасшылық қабілетінен бөлек адамдық келбеті, қатардағы жауынгерлерге деген әкелік қамқорлығы туралы естеліктерімен бөлісті.
«Қазақстан 1992 жылы 7 мамырында Қарулы Күштер құрылғанда, көптеген қиындықтар болды. Офицерлердің көбісі өздерінің тарихи отандарына — Ресей, Украина, Белоруссияға орала бастады. Соның нәтижесінде елімізде әскери мамандардың жетіспеушілігі пайда болды. Тұңғыш министрдің көреген кадр саясатының арқасында қысқа мерзімде бұл мәселе өз шешімін тауып, бүгінде офицерлердің жаңа буыны қалыптасты»,-деді генерал-майор Ә.Жарболов.
Генерал-майор Г.Носоновский болса С. Нұрмағамбетов айтып кеткен бірнеше қағидаттармен бөлісті. Даңқты батырдың соңында «Бірінші– өз сарбаздарынды құрметте, оларды бағалай біл, екінші – қару-жарақ пен әскери техникаға дұрыс қара, үнемі баптап ұста» деген қанатты сөз қалған көрінеді.


Сонымен қатар мерекелік жиында өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарған әскери кафедра оқытушылары — полковник Бауыржан Алдаберген мен полковник Владимир Машинецкий мақтау қағаздарыме марапатталды.
Іс-шараның соңына қарай болашақ офицерлер салтанатты шерумен жүріп өтіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерімен бірге естелік суретке түсті.

Мәлика Исмағұлова,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды