jasqazaq.kz

Қостанайлық қыздар сөмкесін ұрлаған жігітті ұстау үшін автобусты қуып жетті

07 маусым 2017, 15:25

Ерекше оқиға 3 маусым күні қарапайым түсқағаздар дүкенінде орын алған. Сол күні дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін қыздардың әріптесі жұмыс орнында сөмкесін ұрлап кеткенін және онда ақшадан бөлек аса маңызды құжат барын айтады. Мұны естіген әріптестері қарап тұрмай, автобусқа мінген ұрыларды қуып жетіп, сөмкесін иесіне қайтарған.

Сатушы қыздың жақында үйлену тойы болады екен, ал мұндай маңызды затты жоғалтуға болмайды.

Денис Тетерин бейнебақылау камерасынан қылмыс сәтін көріп, ұрыларды байқап қалады. Ол сауда үйі маңайын қарап шықпақ болғанда, жаңағы адамдардың №27 автобусқа отырып жатқанын байқайды.

Жүрек жұтқан Ольга Мухортова мен Наталья Жерлода қол қусырып отырмай, теміржол вокзалына басқа көлікпен барады.

«Полиция оқиға орнына келіп үлгермегендіктен, біз автобусқа жолаушылар ретінде өзіміз кірдік. Ештеңені күтпестен, бірден сөмкемізді қайтаруды сұрадық. Олар біздің жала жауып жатқанымызды айтып, қашқақтады. Жолаушылар таңғалып тұрды, біз жібек белдемшеде болғанбыз, тек биік өкше кимегеніміз болмаса», — деп есіне алады қыздар. Жолаушылардың көпшілігі әйел адамдар болғандықтан, олар жүргізушінің көлікті тоқтатып, автобусты күткенін өтінген.

«Жүргізуші артқы есікті бұғаттап тастап, ары қарай жүрісін жалғастырды. Ол кесте бойынша жүретіндіктен, тоқтай алмайтынын айтты. Ұрылар автобустан шықпақ болғанда, біз бар күшімізді салдық. Тіпті қолымызда әлі күнге дейін көгерген іздер бар. Осы кезде автобусқа сержант Мейрам Жүнісов кіріп келіп, ең қатты қарсылық көрсеткен жанды ұстады», — дейді Ольга мен Наталья.

NUR.KZ

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң