jasqazaq.kz

Қостанайлық қызға ота жасалып көзіндегі оқ алынды

18 тамыз 2017, 12:17

Қостанайда оқ тиген қызға ота жасалып, көзіне тұрып қалған оқ алынып тасталды. Жарақат алған қыздың анасы Елена Сердечная қазір екеуі Мәскеуде екендігін жеткізген.

Баланың басындағы оқты алып тастау үшін ота жасалынған. «Оқ тоттана бастаған, қызымның ауруы күшейе түсті, оған ауырсындырмайтын екпелер көмектесе алмады. Оны алып тастау жөнінде шешім қабылданды, ота 26 шілдеде жасалды, қызым 6 сағат рентген бақылауымен операция үстелінде жатты. Оқ көзге кіріп, сонда қалып қойған. Диаметрі 5 миллиметр әлдебір металдан құйылған оқ алынып тасталды», — дейді Елена Сердечная. Олар бірнеше күннен кейін Қостанайға қайтып оралады. Еске сала кетсек, 18 жастағы Арзул Гаджиев 2016 жылы 4 шілдеде 13 жасар қыздың көзінен атқан деп айыпталуда. Оқиға Қостанай қаласында Алтынсарин көшесінің бойындағы салынып бітпеген екі қабатты құрылыстың ішінде болған. Жігіт оқиға орнынан қашып кеткен. Ол Ресейдің Челябинск қаласында ұсталып, Қостанайға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда