Қостанай облысына қарасты Затобольск елді-мекенінде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан ішінде жолаушысы бар такси суға батып кетті.
Бұл туралы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап Alau.kz порталы хабарлады.
Демалыс күндері жауған жауынның салдарынан Затобольск елді мекеніндегі Ворошилов көшесін су басқан. Осы орайда жолаушысы бар такси шалшыққа кіріп кетті. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, су автокөлік салонының ішіне дейін кіріп кеткен.
Автокөлік өздігінен оталмады. Ал оны судан шығаруға ауыл тұрғындары көмектесті.