jasqazaq.kz

Қостанайда жол үстіндегі ұшақ қайдан келгені анықталды (видео)

26 қыркүйек 2017, 17:17

Қостанайда қала тұрғындары өзге көліктермен бір қатарда жол үстінде қозғалған ЯК-40 ұшағын қызықтап, суретке, бейнетаспаға түсіріп, ғаламторда талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл «Ақ-сұңқар» авиакомпаниясына тиесілі істен шыққан ЯК-40 ұшағы болып шықты. Ескірген әуе кемесін Қостанай әуежайынан Затоболдағы аэродромға автокөлік жолымен көшіру шешілген. Мұны авиакомпания президенті Владимир Досмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, ЯК-40 ұшағы табаны күректей 44 жыл қызмет көрсеткен. «Ұшақты қайта жөндеудің мәнісі жоқ әрі көп шығын қажет етеді. Бұл ұшақта облыстың бұрынғы әкімдері, көптеген министрлер сан мәрте әуе жолына көтерілген. Енді ЯК-40 оқу-жаттығудағы көмекші құралға, сондай-ақ экскурсиялық нысанға айналатын болады. Оған арнайы ангар саламыз», — дейді В.Досмағамбетов. Ұшақты Затоболға жеткізу үшін оның қанаттары мен артқы бөлігі кесілген. Тасымалға мамандар екі ай дайындалған. Олар мұның сирек кездесетін әрі күрделі шаруа екенін айтуда. Ұшақ діттеген жеріне дейін автокөлік жолымен 4 сағат жүрген, барлығы 36 шақырым қашықтықты еңсерген.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда