jasqazaq.kz

Қостанайда жастар үйлену тойы күні жол апатына ұшырады

21 тамыз 2017, 13:23

Қостанайда жас жұбайлар үйлену тойы болатын күні жол апатына ұшырады.

Жол-көлік оқиғасы туралы куәгер айтып берді. Қыздың айтуынша, оқиға 19 тамызда Ленинград пен Садовая көшелерінің қиылысында болған. Сол сәтте далада қыздың үш жасар баласы мен әжесі жүрген. «Олар далаға шығып, есік алдында тұрған. Бірде меңің көз алдымнан ВАЗ 2114 көлігі ұшып өтті. Жол бойында тұрған белгіліні елемей өткен ВАЗ KIA көлігіне барып соғысты. Ал KIA біздің «Ниваға» соқтығысты. Көлігіміз есік алдында тұрды. Біз дәл сол жерде тұрғанда аман қалмас едік», — дейді куәгер. Қыздың айтуынша, KIA көлігінде жігіт пен оның қалыңдығы және олардың куәгерлері отырған. Олар мейрамханаға неке қию рәсіміне бара жатқан екен. «Жігіт ес-түссіз жатты, қалыңдықтың үсті-басы қан, айғай, шу. Жігітті үйге кіргізіп, жатқыздық. Куәгерлер қатты шошып қалған. Күйеу жолдас су ішемін деп шығып, талып қалды. Жедел жәрдем шақырдық. Содан жастардың туыстары келді. Бүгін хабарласып, алғыс айтты. Біздің орнымызда болған кез келген адам оларға көмектесер еді», + дейді куәгер. «Жігіт пен қалыңдығы және күйеу жолдастың миы шайқалып, жарақаттар алды. Әрине, ешқандай да той болған жоқ. Қонақтардың барлығы шошып қалды. 3 минутта мейрамханаға барып қалар едік, бірақ жете алмадық», — дейді қыз жолдас Гүлшат.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда