jasqazaq.kz

Қостанайда психикалық сырқат адам полицейге пышақ сұғып алды

28 қыркүйек 2017, 14:05

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында психикалық ауытқуы бар ер адам полицейге бағынбай, оған пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 16 қыркүйек күні Харьков ауылында болған. Осы күні аудандық ішкі істер бөліміне Харьков ауылының тұрғыны қоңырау шалып, ағасын облыстық психиатриалық ауруханасына жеткізуін сұрайды. «Сырқатты апаруға Меңдіқара ауданы полиция қызметінің уческелік инспекторы Уәлихан Жүсіпов жіберілді. Жүсіпов пациенттің үйіне кірген соң, келген себебін түсіндіреді. Облыстық психиатриалық ауруханасына барғысы келмеген ер адам көнбей, уческелік инспектордың ішіне пышақ сұғып алды» — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. Жарақат алған полицей Харьков ауылынан аудандық ауруханаға жеткізілді. «Полицей ауыр халде түсті. Оның артериясы, өт қабы және бауыры зақымданған. Аудандық ауруханаға жеткенше 4 литрден астам қан жоғалтқан. 4 сағат ота жасадық. Қазір жағдайы бірқалыпты», — деді Меңдіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Марина Гизбрехт. Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақ сұққан ер адам шизофрения ауруына шалдыққан. Қазір ол психикалық емдеу орталығына ауыстырылды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда