jasqazaq.kz

Қостанайда 33 жастағы жігіт бойжеткенді қасақана 2 рет басып кеткен

20 шiлде 2017, 15:25

Қостанайда жантүршігерлік оқиға болды. 33 жастағы «Газель» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші 25 жастағы бойжеткенді 2 рет таптап өткен. Жүргізілген тергеу жұмыстары барысында жігіт бұл әрекетке қасақана барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz агеттігінің Қостанай облысындағы тілшісі.

Аталмыш оқиға 16 шілде күні түнгі сағат 1.30 шамасында Қостанай қаласының іргесіндегі Затобыл кентінде орналасқан дәмханалардың бірінің жанында болыпты.

«33 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қасақана 25 жастағы бойжеткенді таптап өткені белгілі болып отыр. Салдарынан жәбірленуші түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлімі «Қасақана біреудің денесіне орта дәрежедегі жарақат салу» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Автокөлік доңғалағының астында қалған бойжеткен қазір қалалық аурухананың «Жарақат» бөлімінде ем алуда.

«Науқас ауруханаға 16 шілде күні түнгі сағат 3-те келіп түсті. Қасында болған адамдар оны «Газель» көлігі екі рет таптап өткенін айтты. Ол өте ауыр халде болатын. Денесінің көп жері мертіккен. Бел омыртқасында, қабырғасында, ішінде жабық жарақаттар бар»,– дейді Қостанай қалалық ауруханасының «Жарақат» бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов.

Бойжеткен ауруханаға келгенде ес-түссіз болған. Қазір ол есін жинағанымен, жағдайы әлі ауыр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда