jasqazaq.kz

Қостанай облысында Кейкі батырдың сүйегін арулап қайта жерледі

15 қыркүйек 2017, 12:17

Қостанай облысы, Амангелді ауданында Кейкі Көкембайұлы кесенесі бой көтерді.

Араға ғасырға жуық уақыт салып, былтыр елге оралған батырдың сүйегін жерлеу рәсімі Амангелді ауданында өтті. Тарихи оқиғаның куəсі болмаққа алыс-жақыннан танымал тұлғалар келді. Олардың арасында ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар бар. Батыр сүйегін жерлеу рəсімі сағат 11:00-де басталды. Алдымен, баба рухына құран бағышталды. Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіхалықова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов қатысты. «Жаңа мемориалдық кешеннің құрылысы бойынша барлық жұмыстар белгіленген уақытта аяқталды. Оның барысын үнемі қадағалап отырдық. Міне, үкіметтің келісімімен батыр сүйегін салтанатты түрде жерлеу рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Кейкі батырдың тарихтағы орны ерекше. Мынадай сəулетті кесене жастарымыздың бойына рух бітіреді, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді», — деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов. Жиында Кейкі батыр туралы қоғам қайраткерлері де пікір айтты. «Кейкі Көкембайұлы — ұлтының азаттығы жолында күрескен ұлт қаһарманы. Оның жарқын бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ерлігі елін рухтандырып тұра бермек», — деді жазушы Сəбит Досанов. Кейкі батыр ұрпақтары атынан Серік Ақылбай сөз сөйлеп, ғасыр бойы сырт елде жатқан батыр сүйегін елге əкелуге себепші болған Елбасына алғысын білдірді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда