jasqazaq.kz

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды

15 желтоқсан 2017, 14:15

Өскемен әкімінің орынбасары Расул Манапов парамен ұсталды, деп хабарлайды Устинка Live жергілікті порталы.

Бастапқы мәліметке сүйенсек, Манапов мемлекеттік жерді заңсыз жекешелендірген. Сәрсенбі күні 32 жастағы шенеунік пара алу үстінде ұсталыпты.

«Қазір жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, соның аясында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Р.К. Манаповтың осы іске қатысы бары анықталмақ. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары ақтарылуда», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті басшысы Сергей Потанин.

Расул Манапов бұдан бұрын қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдаланғаны үшін әкімнен қатаң сөгіс алған. Қала басшысы оған жаңа жылға дейін қазыналық көлікті басқаруға тыйым салды.

Айыпты мемлекеттік қызметкер бұл оқиғадан соң фонтанды тазартып, қысқы мерзімге даярлаған еді.

sputniknews.kz

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды