Алматыда өртенген жиһаз цехынан әйелдің мүрдесі табылды.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің денесі өрттен кейінгі жинастыру кезінде 14:47-де табылған. «Құрылыс конструкцияларын жинап жатқанда өртенген құралдарға су құю кезінде үйіндінің астынан мүрде табылды. Соңғы болжам бойынша, қайтыс болған әйел адам», — деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.