jasqazaq.kz

«Ордабасының» легионер ойыншысын үй күтушісі тонап кетті

07 тамыз 2017, 14:46

Шымкенте «Ордабасы командасының легионер ойыншысын үй күтушісі тонап кетті. Сұғанақ әйел Пабло Фонтанеллоның жұбайының бар алтын әшекейлерін ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген.

Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Маратәлі Бекназаров мәлімдеді. Белгілі болғандай, 33 жастағы аргентиналық шабуылшы отбасымен пәтер жалдап тұрған. Үй шаруасына қарайласу үшін күтуші жалдапты. Бірақ кейіннен үйден алтын әшекейлер ұрланғаны анықталған. Шетелдік спортшы жергілікті полицияға арызданған. Шұғыл іздестіру шаралары барысында үй күтушісі ұсталады. Істі қараған Әл-Фараби аудандық сотында төрт баланың анасы жасаған қылмысын мойындаған. «Сот отырысы кезінде айыпталушы әйелі ұрлағанын мойындап, алтын әшекейлерді әкеліп берді. Ол барлық бағалы заттарды ломбардтардың біріне өткізіп жіберіпті. Іс насырға шапқан соң ақшасын төлеп, қайтарып алған. Сот отырысы кезінде ұрланған заттар жәбірленушіге толықтай қайтарылды. Бұйымдары табылған шетелдіктер айыпталушы әйелге кешірім берді. Тараптар ортақ келісімге келген соң, медиация тәртібі бойынша іс қысқартылды», — дейді Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда