jasqazaq.kz

«Ордабасы» клубы жарты миллиард теңгеге сатылды (видео)

20 шiлде 2017, 11:21

Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. «Ордабасы» командасы жарты миллиард теңгеге өткен. Отандық футболдағы елеулі оқиға 19 шілдеде болған.

Клубты жекешелендіру бойынша сыбыстар екі жылдан бері айтылып келеді екен. Телеарна өкілдірінің мәліметінше, «ордабасылықтарды» сатып алуға үш үміткер таласқан. Алайда көп жылдан бері жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген клубтың жаңа иесі кім болғаны белгісіз қалып отыр. Мұның алдында «Ордабасы» Кәсіпқой футбол клубы» акционерлік қоғамының сатылғаны туралы мәлімет gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрі сайтында пайда болған еді. Олардың қатарында «Спорт сервис «БИИК», «Намыс» спорт орталықтары және жеке тұлға бар. Бастапқы баға — 248 миллион теңге. Облыстық қаржы басқармасындағылар осы аталғандардың қайсысы 502 миллион теңге төлегенін нақтылап айтпады. «Ордабасы» кәсіби футбол клубы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан премьер-лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда