jasqazaq.kz

Оралман атын жамылған заңсыз көші-қон

16 сәуiр 2018, 11:07

Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

«Қабылданған шаралар Қазақстанға келушілер санын арттырды. 2017 жылы Қазақстанға 5,595 млн адам келді, оның ішінде Германия мен басқа елдердегі біздің бұрынғы тұрғындарымыз бар. Елімізге шетелдік бизнесмендер мен туристердің келуі ұлғайды, инвесторлар үшін Қазақстанға жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілді», — деді Владимир Божко. Оның айтуынша, халықаралық ахуал мен көші-қон ағынының, ішкі көші-қонның артуы күш-қуат құрылымдары мен Сыртқы істер министрлігіне қосымша жауапкершілік жүктейді. Ұсынылған материалдарды алдын ала зерделеу барысында тұрақты көші-қон жолдарындағы басы артық тосқауылдарды алып бастау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұған қоса, Қазақстан аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастыратын жекелеген фирмалар мен тұлғалардың қылмыстық әрекеттері анықталған. «Бұл реттегі цифрлар алаңдатарлық. Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман қазақ мәртебесін алуға тырысқан. Олардың көшілігіне қазіргі уақытта іздеу жарияланған. Бангладеш пен Ауғанстан азаматтары біздің еліміздің аумағын Еуропаға өтуі және ол жақта тұрақты қонстану үшін пайдалануға тырысады. Екі тұрансұлттық топ Қазақстанда тіркелген 85 компания арқылы Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға жаппай заңсыз кіруді ұйымдастырған», — деді В.Божко.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр