jasqazaq.kz

Оралда түрме салуға бөлінген 577 млн теңге қолды болды

19 сәуiр 2018, 19:53


Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова Орал қаласындағы түрменің құрылысына бөлінген 577 млн теңгенің қолды болғанын мәлім етті.  

Nur.kz хабарлағандай, «Оралдағы тергеу изоляторының құрылысы барысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Құрылыс материалдары мен құрылғыларды ауыстыру және олардың бағасын жоғарылату арқылы игерілген 4,5 миллиард теңгенің 577 миллионы қолды болған», — деді ол.
Оның айтуынша, Оралдағы заң бұзған адамдардың саны 300-ден аспайды. Ал шаһарда салынып жатқан тергеу изоляторы 1500 адамға арналған.
Оксана Лоскутованың пікірінше, мұндай ірі тергеу изоляторы Алматы, Қарағанды, Өскемен сынды қылмыс деңгейі жоғары қалаларда салынуы керек.
Кейін Бас прокуратураның ресми өкілі Алматы облысындағы түрмені жөндеуге бөлінген қомақты қаражаттың жымқырылғанын атап өтті.
«Алматы облысы Заречный ауылындағы түзеу колониясын қайта жөндеуге 120 млн теңге қажет болған. Алайда орындалмаған жұмыс қабылданғаны анықталды. Жалпы нысан бойынша материалдардың, әрі орындалған жұмыстардың құны 568 млн теңгеге жоғарылатылған», — деді ол.
Осы орайда ресми өкіл мұндай деректердің Астанада да тіркелгенін жеткізді.
«Астана қаласы мен Ақмола облысындағы күзет мекемелеріндегі күрделі құрылыстарын жүргізу кезінде бюджеттің 210,5 млн теңгесі жымқырылған. Жалпы мұндай қылмыстар үшін қылмыстық-атқару жүйесінің 41 қызметкері сотталды», — деп түйіндеді сөзін Оксана Лоскутова.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр