jasqazaq.kz

Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

27 маусым 2017, 11:47

26 маусым күні кешкісін 4-шағынаудандағы № 24 орта мектеп ғимараты жанында салынып жатқан коттеджден сәби табылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталған нысанның күзетшісі баланың даусын естіп, сол жерге барғанда, үстінде көгілдір конверті бар, одеялоға оралған сәбиді көрген. Күзетші цемент үстінде жатқан шақалақты көтеріп алып, сол маңда серуендеп жүрген әйелден жедел жәрдем мен полицияны шақыруын өтінген. Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы іздестіру жұмыстарына кірісті. Сақшыларға жәрдемдескен Дик есімді қызметтік ит кинологты 30/2 мекенжайындағы үйге алып барған. Сол маңдағы үйлердің пәтерлері де қаралды. Қазіргі кезде баланы тастап кеткен адам әлі табылған жоқ, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасуда.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда