jasqazaq.kz

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

26 қыркүйек 2017, 12:13

Орал қалалық сотының үкімімен бұрынғы полиция қызметкерлері Марат Ахметқалиев пен Айбек Серденов сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері М.Ахметғалиев пен А.Серденов биылғы сәуір мен мамыр айының аралығында кезекшілік кезінде алдын ала сөз байласып, әкімшілік құқықбұзушылыққа барған азаматтарды жауапкершілікке тартпау үшін олардан пара алып отырған. Сонымен қатар М.Ахметғалиев мас күйінде ұсталған Д-мен сөзге келіп, оған дене жарақатын салған. Сот үкімімен М.Ахметғалиев ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2, 4-тармақтарына (алдын ала сөз байласып, топ болып бірнеше рет пара алу) және 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағына (күш көрсете отырып, қызмет бабын немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) сәйкес айыпты деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. А.Серденов ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығын өмір бойына айырумен бірге оған параның жетпіс еселенген мөлшерінде, яғни 70 мың теңге айыппұл салынды.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда