jasqazaq.kz

Оралда қос автобустың соқтығысуынан жарақат алғандар саны 58-ге жетті

24 тамыз 2017, 17:59

Бүгін таңертең №7 және №5 бағыттарда жүретін қос автобустың соқтығысуы салдарынан жарақат алғандар саны 58-ге жетті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген 17 адамның біреуі жатқызылған. Қалалық көпбейінді ауруханаға 41 адам түссе, соның бесеуі жатқызылған. БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, №7 автобустың 1993 жылғы жүргізушісі алдындағы көліктерді басып озамын дегенде, соғылып қалған. Ол жерде жылдамдықты арттыруға болмайтыны жөнінде белгі де тұр. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бүгін шамамен сағат 08.40-та Шаған өзенінен өтетін көпірге таман, Зачаган кенті жақтан келе жатқан №7 және №5 бағыттарда жүретін қос автобус соқтығысқан болатын.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда