jasqazaq.kz

Оралда 90 миллион теңгеге салынған гүлзар қирап тұр

04 сәуiр 2018, 17:05

Оралда құрылысына бюджеттен 90 миллион теңге бөлінген гүлзар опырылып қалды, — деп хабарлайды «Мой город». Жаяу жүргіншілерге арналған гүлзар сегіз мың шаршы метр. Ол Оралдың төртінші және алтыншы ықшам аудандарын жалғастырып тұр. Бюджеттен бөлінген 90 миллион теңгеге инженерлік желілер, есік алдыларына келетін жолдар құрылысы, жаяу жүргінші аймағы, жарықтандыру, абаттандыру мен көгалдандыру қалпына келтірілген болатын.

Гүлзардағы брусчатка бірден бірнеше жерде опырыла бастаған. «Бұл гүлзармен № 24 мектеп оқушылары күнде жүреді, көбі ата-анасынсыз өздері. Ал енді бұл жолмен жүру қауіпті. Опырылып қалған жерлерді қоршап қойғанымен, бұл мәселенің шешімі емес. Айналып өту де қауіпті. Гүлзар ғана емес, айналасы да опырылып жатыр», — деп наразылығын білдірді Амина атты Орал тұрғыны.

Ал Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы брусчатканың топырақтың отыруынан болғанын айтады. «Біз барып көрдік. Бүгіннен бастап мердігер кепілдік міндет негізінде жөндеуге кіріседі. «РемСтройБыт» ЖШС салған болатын. Келісімшарт бойынша үш жылға кепіл беріледі. Құрылыс жұмыстары күзде аяқталған, суық кезде, енді қар еріп, топырақ отырған сияқты. Бүгін кешке дейін жөндеп бітеді», — дейді ТКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Тухфатов.

tengrinews.kz

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр