Егде тартқан жұбайлардың той үстінде түскен фотосы желіні шарлап кетті. Суретті жария еткен автордың айтуынша, бұл 65-70-ке келіп қалған жас жұбайлардың тойы деп хабарлайды NUR.KZ.
Мұрат Қайратұлы есімді Facebook қолданушысының сөзінше, той Орал қаласында өткен.
«Қалыңдық бірінші рет тұрмысқа шығып жатыр, жасы 65-те. Күйеу жігіт -70-те. Ер адам үшінші рет үйленіп отыр. Қыз, яғни, қалыңдық артына құшақ гүл лақтырған. Ұтып алған кім екенін білмеймін. Той Оралда болған. Қыз — ағылшын тілі мұғалімі, зейнеткер. Міне, осылай!», — деп жазған ол суреттің астына.
Алайда, бұл суреттегі жандардың автордың берген ақпаратына қаншалықты қатысы бары белгісіз. Көпшілік «жас жұбайларға» бақыт тіледі, ал кейбірі бұл суретті ерлі-зайыптылардың мерейтойында түсірілген деп болжады.