Желіде бір топ жігіт төбелесіп жатқан видео пайда болды. Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 12:30 кезінде болған. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Төбелеске тұрғындар, оның ішінде ер адамдар да жай ғана қарап өте шыққан. Тек бір егде әйел бұзақыларды ажыратуға белсене кірісіп кетіпті. Сөйтіп жүріп құлап қалады. Бірақ, оған тұруға ешкім көмектеспеген.
Куәгерлердің айтуынша қолында кірпіші бар бір ер адам екінші бір жігітті қуып жүрген. Ал БҚО ІІД оқиғадан соң бөлімшеге алты адамның жеткізілгенін хабарлады.
“Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бұзақыларды ажыратуға тырысқан әжейді де іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары егде кісіге өз ризашылықтарын білдірмек.