jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары Шымкенттің ірі кәсіпорындарына экскурсия жасады

15 желтоқсан 2017, 20:44

Қазақстан облысының жоғары сынып оқушылары аймақтың ірі кәсіпорындарына барып, жұмыс барысымен танысты. «Bal textile» ЖШС, «ЭкоШина» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС  зауыттарына барған жастар жұмыскерлермен тілдесіп,  кәсіпорындағы мамандықтың қиыншылықтары мен қызықтарын көрді.

300-ден аса оқушы еліміздегі алдыңғықатарлы кілем өндірісі,  металл өндіру мен көлік доңғалақтарын  қайта өңдеу   барысын тамашалады.

Экскурсия 8-10 сынып оқушылары үшін «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілген. Естеріңізге салсақ, аталған жоба ағымдағы жылдың қараша айында басау алып, осы уақытқа дейін Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қарқынды түрде іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын қамту жоспарланған.

Экскурсияны ұйымдастырудағы мақсат – оқушылардың заманауи өндіріспен танысуын, технологиялық процесстермен, кәсіпорынның кәсіби әдіс-тәсілдерімен, еңбек жағдайы мен кәсіпорынның еңбек әулеттерімен, еңбек ардагерлерімен танысуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар оқушыларды өндірістік мамандықтарға баулу, олардың қызығушылығын арттыру көзделген.

Экскурсия аяқталған соң кәсіби бағдар бойынша жұмыстар өткізіледі, олар: сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап сағаттары, сайыстар мен тестілеу. Олардың нәтижелері бойынша кімнің қандай мамандыққа жақын екендігі анықталады.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Оқу жылының соңына дейін 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылуы жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, жоба аясында мұғалімдер арнайы курстардан өтіп, оқушыларға кәсіби бағдар бойынша дәріс беруге дайындалады.

Жоба жайлы толығырақ ақпаратты www.tangdau.kz сайтынан табуға болады.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды