jasqazaq.kz

Оңды-солды ұлттық шапанды таратуды қашан қоямыз?

20 желтоқсан 2023, 13:37

Дүниежүзіне танымал әнші, рэпер Akon Астанадағы Конгресс-Холл сарайында жеке концертін өткізді. Stan.kz хабарлағандай, журналист Динара Сәтжан рэперді авторлық бағдарламасына қонақ етті.

«Салт-дәстүрді бұзбай әлемдік өнер жұлдызына шапан жаптық. Отандық өнімді сыйлағанды жөн көрдік. Сыйлықтың ұнағаны сонша, концертіне киіп шығатын болды. Сонымен қатар жалғыз Akon-ға ғана емес, оның командасындағы жігіттерге де шапан кигіздік. Сұхбатқа келісіп берген ұйымдастырушыларға рақмет!», – деп жазды журналист Динара Сәтжан.

Осы жерде желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі “қонақжайлығымызды көрсетті” десе, енді бірі “жағымпазданудың үлгісі” деп журналисті сынап тастады.

“Біздің қазақ жағымпазданудан алдына жан салмайды. Өзіміздің қаншама жігіттеріміз бар ел алдына шығарып, шапан жабатын. Оларды ешкім елеп жатқан жоқ”, десе енді бірі шапан жабу рәсімі қай кезде орындалатынын түсіндірді. “Оңды-солды ұлттық шапанды таратуды қашан қоямыз осы?! Қазақ жағалы киімді сыйлы үлкен жасты қонағының иығына жапқан, рас дәстүр бар, бірақ сырттан келген шетелдіктер біздің ұлттық киімді не істейді?! Сол ұлттық киімді сахнаға шығуға, немесе шетелге қазақ ұлттық мәдениетін дәріптеуге гастрольге барғалы жатқан өнерпаздарға сыйлайықшы. Бұл жерде Динараға жеке айтылған сын емес, жалпы осы қазақи шапанды қазақ емес қонаққа жабуды доғарайық деген ұсыныс. Әйтпесе француз президенті Франсуа Олландқа сыйлаған құндыз жағалы шапанның пакетке оралып қараңғы шкафта ілініп тұрған фотосын көргем. Француздың белгілі актері Вэнсан Кассельге біздің белгілі дизайнеріміз арнайы тіккен шапаны да Вэнсанда емес қазір… оны анық білемін. Сәл ойланайықшы, қонақжайлық көрсетудің де түрі бар”, – дейді желі қолданушысы. “Шапанымыз әлемге танымал болды”, “Түсінгенім шапан тек қазаққа ғана жарасады екен” деген пікір білдіріп жатқан оқырман көп.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?