Оң шешімін тапты

08 желтоқсан 2023, 12:40

Елді дамытудың драйвері болып табылатын қуатты өңір ретінде Астана қаласының орны ерекше. Бұл қала қазір жыл санап емес, күн санап өсетін ертегідегі алып бала секілді. Ел астанасы барған сайын қанатын кеңге жайып келеді. Бірақ, күн тәртібінде тұрған мәселелермен қатар жылдар бойы қордаланып қалған проблемалар да баршылық. Соның бірі қала маңындағы елді массивтердің жай-күйі.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі жеке парақшасында былай деп жазды:
«Елордада 200-ден астам үй орналасқан «Нұр-бесік» шағын ауданы (Көктал 1 елді мекені) бар. Мұнда мыңнан астам адам өмір сүреді. Бұл шағын ауданда қала тұрғындары 2007 жылдан бері тұрып жатқанымен, 16 жылдан бері үйлеріне құқық белгілейтін құжаттары болмаған. Сол себепті олар өз үйлеріне тіркеле алмаған. Осылайша олардың емдеу мекемелеріне тіркелуіне, балаларын балабақшаға, мектепке және т.б. беруіне мүмкіндіктері болмады. Олар достары мен туыстарының үйлеріне тіркелуге мәжбүр болды».


«Нұр-бесік» шағын ауданының тұрғындары жер учаскелерін заңдастыру мәселесін әкіммен кездесулерде бірнеше рет көтерген екен. Содан бері бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып, техникалық мәселелердің бәрі шешіліпті. Қазіргі уақытта тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр. Енді оларды ресми түрде елорда тұрғындары деп айтуға болады.
Әкімнің айтуынша шағын ауданды абаттандыруда: сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және т.б. инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталған.
«Сол сияқты көшелерге асфальт төселді, жарықтандыру бағаналары, 3 аялдама, интернет орнатылды және т.б. Біз қаланың елді мекендерін дамытуды ары қарай жалғастырамыз», — дейді Жеңіс Қасымбек.
Бұдан бөлек Астанада қаланы газдандыру құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба «Тұран», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына, Үркер (Ильинка), Пригородный, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне жоғары қысымды желілерді қосуды қамтамасыз етті.
Жобаны іске асырудың арқасында автономды қазандықтардан орталық газбен жабдықтауға «Будапешт», «Cosmic City», «Family Town» көппәтерлі тұрғын үй кешендері қосылды. Сол сияқты жақын арада «Куршевель» тұрғын үй кешені қосылады. Табиғи газды пайдалану тұрғындардың жылу ақысын айтарлықтай азайтады, сондай-ақ сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде туындаған проблемаларды шешеді.
Биылғы күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының құрылысы, «Тұран» станциясының бірінші кезегі, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тің бірінші кезегі аяқталды. Жылумен қамтитын үш нысанның қуаты – 1140 гкал/сағ.
Келесі жылы бірінші кезекте «Телман» газ жылу станциясын және екінші кезекте «Тұран» газ жылу станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ә.Смайылов

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу