Олжас Бектенов: Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек

06 ақпан, 22:21

Премьер-Министр Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Ұлттық экономика министрлігін реформалар мен экономикалық серпіліске қол жеткізу бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы негізгі күш деп айтуға болады. Бұған қажет барлық ресурстар бар деп ойлаймын. Ең бастысы, министрлікті формализмсыз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге бағыттағым келеді.

Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек», —деді Олжас Бектенов.

Мәди Тәкиевті қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында Премьер-Министр ведомствоны мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін атап өтті.
«Сол себепті Мемлекет басшысы да, Премьер-Министр ретінде мен де қаржы министрлігінің барлық бағыттар бойынша нақты, белсенді жұмыс атқаратынына сенеміз», — деді Олжас Бектенов.

Шыңғыс Әріновті төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына таныстырып, Премьер-Министр ведомство жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.
«Жақында ғана Алматыда Мемлекет басшысы жер сілкінісінен кейін министрлікке нақты сын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және алдын алу жүйелерін жаңғырту бойынша өте маңызды міндеттер тұр. Президент қойған міндеттерді Шыңғыс Сайранұлы абыроймен орындайды деп ойлаймын», — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде оның тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.
Министрліктің алдында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыру міндеті тұр.
«Бұл – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты. Денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Біз бұған жан-жақты көмектесеміз», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр Үкіметтің жаңа құрамына енбеген барлық бұрынғы министрлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды