
15 тамызда Мемлекет басшысы Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттайды деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID-19 диагнозы қойылғандықтан, оны кейінге қалдыруға тура келді, деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Біз барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу тамыз айының соңына дейін Ақордада өтеді деп жоспарлануда», — деді Б.Уәли.
JQ-Aqparat
Сурет: Akorda.kz