
Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында тұңғыш медаль!
Отандық гимнаст Нариман Құрбанов Парижде өтіп жатқан төрт жылдың дүбірлі додасында күміс жүлдені қанжығаға байлады. Ол спорттық гимнастика сайысында 15 433 балл жинап, екінші орынға табан тіреді. Ирландиялық Рис Маккенаган аз ғана басымдықпен (15 533) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал АҚШ спортшысы Стивен Недоросчик үшінші орынды місе тұтты.
Осылайша, Нариман жарыстың осы түрінен ел қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалін салды.
Жүлде құтты болсын, Қазақ елі!
JQ-Aqparat
Сурет: Сали Сабиров