ОЛАР ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

22 желтоқсан 2023, 18:14

Арада 80 жылдан астам уақыт өтсе де Екінші дүниежүзілік соғыста оапт болған боздақтар Отанына, туған топыраққа оралып жатыр. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде бүгін Астанаға Ресей Федерациясынан үш майдангердің сүйегі жеткізілді.
Салтанатты шараның ашылуында ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов, «Atamnyn Amanaty» ҚБ бақылау кеңесінің мүшесі, отставкадғы генерал-лейтенант Владимир Божко, ҚР «Қарулы Күштері ардагерлері» ҚБ Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары, отставкадағы полковние Жұма Тайжановтар сөз сөйлеп, осынау саупты істің маңызы мен өскелең ұрпаққа берер өнегесіне тоқталды.


«Atamnyn Amanaty» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев өз кезегінде былай деді:
— Осы уақытқа дейін бізге хабар-ошарсыз кеткен майдангерлерді іздестіру жөнінде 7000 астам өтініш келіп түсті және еріктілер тобының еңбегі арқасында 4000-ға жуық қазақстандық солдаттардың жерленген орындары анықталды. Сол боздақтардың кіндігінен тараған ұрпақтарын немесе туған-туыстарын тауып, арнайы әскери ұшақпен елге жеткізіп, жауынгерлік құрметпен жер қойнына тапсыру – біздің мойнымыздағы үлкен жұмыс, сауапты іс. ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен осы уақытқа дейін 19 отандасымыздың сүйегін туған жерге жеткіздік.
Қызылорда облысының тумасы Мәметов Силан 1941 жылы Мәскеу үшін шайқаста қаза тапқан. Аты-жөні медальоны бойынша анықталды. Мекен-жайы да белгілі. Өкінішке орай ұрпақтары мен туған-туыстары табылмады. Енді майдангердің сүйегін жергілікті әкімдік әскери құрметпен, мұсылмандық жолмен жер қойнына табыс етеді.


Атыраулық Қисым Әдиев 1942 жылы Смоленск түбіндегі шайқаста шейіт болған. Іздестіру барысында майдангердің ұлы Кисимов Сембай табылды.


Ал, Жамбыл облысының тумасы Дәулетқұлов Кәдірбек 1943 жылы атақты Курск иінінідегі шайқаста қаза тапқан екен. Сол сұрапыл соғыста Кәдірбектің ағасы Кәдірқұл да хабар-ошарсыз кеткен көрінеді. Дәулетқұловтар әулетінің атынан майдангердің шөбересі Ернұр Наметқұл толқып, сөз сөйледі. Ол өшкен үмітті қайта жаққан «Atamnyn Amanaty» ұйымына алғысы шексіз екенін жеткізді.
Көп ұзамай майдангерлердің сұйектері туған жерлеріне – Атырау, Қызылорда және Жамбыл облысына ұшақпен жөнелтіледі.
Осының бәрі өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеудің қамы, өтйкені оларға кешегі от кешкен ата-бабаларының өмірі үлгі-өнеге болуға тиіс.

Әбубәкір Смайылов

Суреттерді түсірген: Сұлтан Жексенбеков

Kazinform

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу