jasqazaq.kz

Ойыншық тапаншамен такси жүргізушісін тонап кетті (видео)

19 қантар 2018, 15:36

Оралда екі ер адам ойыншық тапанша кезеп, такси жүргізушісін тонап кеткен, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД» басылымы. Оқиға 18 қаңтарда шамамен кешкі сағат 18.00-де болған. Орал қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, таксиді екі ер адам шақырған.

«Тапсырысты» Лада Калина» көлігінің жүргізушісі қабылды. Ол бірден жолаушылардың түрі күмәнді болғанын хабарлаған. Ер адамдат айтқан мекенжайға жеткенде олар артқы қақпа жақта қалдырып кетуін сұраған. Көлік тоқтаған соң ер адамдардың бірі белдікпен жүргізушіні қылғындыра бастаған. Ал екіншісі жүргізушіні тапаншамен ұра бастаған. Жүргізуші қарсылық көрсетіп, терезені теуіп сындырмақшы болады. Нәтижесінде екі ер адам оның ұялы телефоны мен көлікте жатқан ақшаны алып кеткен. Жүргізуші олардың соңынан бармақ болған кезде ер адамдар оны тапаншамен қорқытқан», — деді аға инспектор. Кейінірек такси жүргізушісі полиция шақырып, видеобақылау камераларының көмегімен күдіктілер ұсталған. «Олар 28 жастағы (осыған дейін сотты болған) және 34 жастағы ер адамдар. Екеуі де ұрылар ретінде есепте тұр. Ұрланған заттар тәркіленді. Күдіктілер Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, жүргізушіні қорқытқан тапаншаның ойыншық тапанша екені анықталды», — деді Динара Абдулқалықова.

tengrinews.kz

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады