Қазақ жігіттері қойдың қарнын қолдан үрлеп тастады. Бұл сәтті өздері видеоға түсірді. Видеодан байқағанымыздай, екі жігіт қойдың терісіне ауа жіберіп шар секілді үрлеп, өздері дән риза. Бұл сәтті үшінші жігіт видеоға түсіріп тұр. Олар қойды алдын ала бауыздап алған.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Желі қолданушыларының бірі мұны дұрыс деп санады. Екінші тарап қарсы шықты. «Бұлай малды мазақ етуге болмайды. Бұлай жасауға болмайды, еті көпіршіп кетеді» деп жазды пікір қалдырушылар. «Бұл бұрынна бар тәсіл. Терісін еттен сылып алу үшін осылай жасайды. Қойды бауыздап алған соң үруге болады. Осылайша тері еттен тез ажырайды. Малдың арықтығын білдірмеу сату үшін де осылай үреді» деп жазды екінші тарап.