jasqazaq.kz

Өгей ұлын 20 жерден пышақ салған әйел сотталды

24 сәуiр 2018, 16:11

Бейнеу тұрғыны өгей баласын өлтіргені үшін сотталды.

Сот әйелдің өз кінәсін мойындағанын және оның кәмелетке толмаған төрт баласының барын, оның біреуі мүгедек екенін ескеріп, Тұрсынай Сәрсенованы ҚР Қылмыстық Кодексінің 2-бабы бойынша (кәмелетке толмаған тұлғаны әдейі өлтіру) кінәлі деп тапты. Сондай-ақ, оның кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ҚР ҚК-нің аталған бабына сәйкес оған ең аз мерзім — 15 жылға үкім шығарды. Жасөспірімнің туған анасы Кәмшат Қожакова журналистерге үкіммен келісетінін жеткізді. Тұрсынай Сәрсенованың жақындары керісінше, сот шешімін тым қатаң деп есептеп, жоғары инстацияларға шағым түсірмек. «Енді төрт бала анасыз, жетім қалу керек пе? Мен Тұрсынайдың жазасын өтеуін кейінге қалдырылуын немесе үкімнің жеңілдетілуін қалаймын. Ол жақсы ана және оның өз балаларымен де, Нұрсұлтанмен де ешқашан ешбір кикілжіңі болған емес. Дәл сол күні не болғанын білмеймін», — деді көз жұмған жасөспірімнің әкесі Қайрат Асанов. Естеріңізге сала кетейік, адам өлтіру оқиғасы ағымдағы жылдың қаңтар айында болды. 20 жерден пышақталған баланың денесі қорадан табылған еді.

ҚазАқпарат

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр