jasqazaq.kz

Өгей әкесі ұрған бала көз жұмды

03 қазан 2019, 10:10

Алматыда өгей әкесінен таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды. 

«2 жастағы бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, ол аса ауыр жарақат алуына байланысты осы бөлімге жатқызылған болатын», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға туралы мұның алдында жазған едік. 23 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында 2 жасар баланың ес-түссіз ауруханаға түскенін медицина қызметкерлері полицияға хабарлаған. Осыған байланысты полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен сұрақ-жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу барысында ұлды өгей әкесі ұрғаны анықталды. Анықталғанындай, баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі оны ұрып-соққан. Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Осыдан 1,5 ай бұрын Алматы облысынан қалаға көшіп келіп, «Көкқайнар» шағын ауданында тұрып жатқан. «Қазір бұл жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Бұрын ол бірнеше рет ұрлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған», — деді Ләйла Әліпбаева.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда