Оқушыларды аяусыз ұрып-соққан мұғалімнің видеосы жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан мектептерінің бірінде түсірілген видеода ұстаз бірнеше оқушыны аяусыз басынан ұрып жатқаны байқалады. Ал оқушылар болса, еш қарсылық көрсетпей, мұғалімнің соққысына шыдап отыр.
Бұл жайтты өзге оқушы жасырын видеоға түсіріп алған.