jasqazaq.kz

Оқушы суға кеткен жеткіншекті құтқарды

10 шiлде 2017, 18:40

Оңтүстік Қазақстан облысында 9 сынып оқушысы суға батқан жеткіншекті құтқарып қалды. Нұрман Бауыржанұлы ағысы қатты Келес өзеніне батқан қызды жағаға алып шықан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Келеңсіз оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ораз ата елдімекенінде болған. 6-сынып оқушысы Аружан Жақсылық түс мезгілінде құрбыларымен бірге Келес өзеніне шомылуға барады. Ойын қызығымен жүрген ол абайсызда өзеннің қатты ағыс жағына өтіп кетеді. Жөнді жүзу білмейтін қызды қатты ағыс лезде лып кеткен. Мұны көрген құрбылары шулап қоя береді. Бұл айқай-шуды сол маңайда тұратын Нұрман есімді бала есітіп қалып, көмекке жүгіреді. Ол лайлы суға қойып кетіп, қызды алдынан күтіп алмақ болады. Алайда бұл кезде 13 жастағы қыз суға бір жола батып, көрінбей қалған. Кенет, оның үстіндегі көк көйлегі судың бетінде шыққан. Оған тұра ұмтылған Нұрман қызды ұстап, әрең дегенде жағаға алып шығады. Ес- түссіз жатқан жеткіншекті жерге жатқызып, алғашқы көмек көрсеткен. Оған көмекке келген жеңгесі жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Сөйтіп жасөспірім осы екі жанның көмегінің арқасында ажал тырнағынан аман қалды. Аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде 3 күн жатып, өзіне келген Аружан бүгінде аман-сау, отбасына оралды.

Айта кетейік, жас құтқарушы Нұрман Әлібаев 5-ші сыныптан бері дзюдо күресімен айналысады. Аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы. Республикалық жасөспірімдер арасындағы белбеулі күрестің жүлдегері. Осы спорттың арқасында ол суға кеткен оқушы қызды аман алып қалды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда