jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстанда 100 гектар бидай алқабы өртеніп кетті

10 шiлде 2017, 15:28

Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті жиіледі. Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының маңындағы жайылымдық алқаптан ұштанған өрт бұл жолы егіске өтіп кеткен.

Қызыл жалын пісіп тұрған 100 гектар астықты түгелдей күлге айналдырды. Аптапты ыстықта қураған шөптен шыққан оттың бұлайша тез таралуына ұйытқи соққан желдің де әсері болған. Өртті өшіруге 4 арнайы техника мен 22 өрт сөндіруші барған. Төтеншеліктерге ауыл азаматтары көмекке келген. Көпшілік түс мезгілінде ұштанған тілсіз жауды жабылып жүріп, сағат 18:00 шамасында әзер дегенде өшіріп алған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. «Қазір тілсіз жаудың шығу себебі мен ол келтірген шығын көлемі анықталып жатыр», – дейді ОҚО ТЖД баспасөз орталығындағылар.

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда