jasqazaq.kz

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

24 шiлде 2017, 10:50

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан Арыс ауданының экс-әкімі, облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен Шардара ауданының экс-әкімі, бүгінде облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев қайтыс болды деп хабарлайды «Оңтүстік Қазақстан» басылымына сілтеме жасап Sn.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға Шымкент-Түркістан тас жолының бойында, Төрткөл ауылына жақын маңда орын алған.

Марқұмдар мінген жол талғамайтын көлік Түркістаннан Шымкентке қарай шыққан көрінеді.

Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымов өзінің Facebook-парақшасында қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазды.
«Шымкент-Самара тас жолының 107 шақырымында жол жиегінде техникалық ақаулықпен тұрған Газ-53 автокөлігіне Тойота Прадо көлігі 23.07.2017 ж. сағат 13-00 шамасында соқтығысып, Тойота көлігіндегі екі жолаушы, облысымызға танымал екі азаматымыз, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев оқиға орнында көз жұмды, Тойота көлігінің жүргізушісі ауруханада жансақтау бөліміне түсіп, көмек көрсетілуде.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қылмыстық істі ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасы өндірісіне алды», — делінген прокурор жазбасында.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда