jasqazaq.kz

ОҚО-да өзенге құлап кеткен жасөспірімнің денесі 6 тәулік өткен соң табылды

12 маусым 2017, 16:57

Оңтүстік Қазақстан облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі 6 тәуліктен соң табылып отыр. Бұл туралы  ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің басшысы Павел Вишенин айтты.

Іздестіру жұмыстары 6 тәулік бойы үздіксіз жүргізілген. Сүңгуірлер мен құтқарушылар Сайрам-су өзенінің арнасын тексеріп, өзеннен үш шақырым жерден 13 жастағы жасөспірімнің денесін тапқан. «Бұл оқиға 6 маусымда кешкі уақытта болған еді. Сайрам ауылында жасөспірім абайсызда өзенге құлап кетті. Алдын ала нұсқа бойынша, ол өзенге ойнап жатып құлап кеткен. Қайғылы жағдайдың нақты себебін тергеушілер анықтап жатыр», — деді Павел Вишенин. Жасөспірімнің денесін іздестіру кезінде өзеннің қатты ағысы қиындық туғызған. Сондай-ақ, көпір маңындағы қираған бетон плиталары сүңгуірлерге қауіп төндірген. Жасөспірімді іздестіруге 100-ден аса адам қатысқан.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда